Құрманғазы аудандық прокуратурасы Құрманғазы аудандық ІІБ-нде әкімшілік өндірістердің заңдылығына қатысты тексеру жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Аудан прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВТЫҢ айтуынша, АІІБ-нің қызметкерлерінің бірі тамыз айының 3-нен 4-не қараған түні Ақтөбе-Астрахан тас жолында «Газель» автокөлігімен арнайы рұқсатсыз жанар-жағармай (дизель) отынын тасымалдағаны үшін М.Тюякпаевқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 2-ші тармағымен («Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен арнайы рұқсатсыз тасымалдау») әкімшілік хаттама толтырып, 21 210 теңге айыппұл салған.
Алайда, бұл АІІБ қызметкері жол полициясы емес және бұлай жасауға құқығы болмаған. Сол себепті аудандық прокуратура заңсыз хаттаманың күшін жойды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА