Атырау, 28 қараша 12:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Газ саласындағы жаңа өзгерістер

2 909 просмотра

Атырау қаласының оң жақ жағалауындағы (Авангард және Лесхоз ықшамаудандары, Владимирский, Кұрманғазы және басқа көшелер) тұтынушылардың айтарлықтай бөлігіне табиғи газды жеткізетін «Атыраугазинвест» ЖШС 2017-2021 жылдарға газ тасымалдау бойынша шекті тарифті бекітуге өтінім берді.

«Атыраугазинвест» үшін бекітілген қазіргі тариф 2004 жылдың сәуірінде 1000 текше метр үшін 194 теңге көлемінде күшіне енген болатын. ЖШС өз өтінімінде табиғи монополияларды реттеу Комитеті департаментінен тарифті 1000 текше метр үшін 3 505 теңге етіп, яғни, 18 есеге көтеруді сұрап отыр. Себептері негізінде 2017-21 жылдарға арналған кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру қажеттілігі, күрделі және ағымдағы жөндеуге кететін шығынның көбеюі, еңбекақы төлеу, шикізат және материалдар, электр энергиясы және бағалар өсуімен байланысты басқа да жайттар аталып отыр. «Атыраугазинвест» ЖШС-нің өтінімі бойынша қоғамдық тыңдаулар 22 қыркүйек күні табиғи монополияларды реттеу Комитеті департаментінің ғимаратында Атырау қ., 4-ықшамаудан, 3 «в» үй мекенжайы бойынша өтеді. Тариф бекітілген жағдайда күшіне 2016 жылдың 1 желтоқсанында енеді.

Бүгінде халық үшін газ бойынша тарифтер екі монополисте – «Атыраугазинвест» ЖШС мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ бір текше метр үшін тариф бірдей және ол 6 теңгені құрап отыр. Бұл туралы монополияға қарсы департаментте хабарлады. Естеріңізге салсақ, монополияға қарсы департаменттегілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ үшін газ тасымалдау бойынша тарифтің 1 қыркүйектен бастап 39 пайызға өсімін бекітті. Енді олардың халық үшін тарифі қаншалықты өсетіні шешілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 тамыз 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.