Атырау, 7 мамыр 18:17
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді

1 724 просмотра

Киевтегі Украина тәуелсіздігі күніне арналған әскери парадқа дайындық. 22 тамыз 2016 жыл. Фото: Аzattyq.orgУкраина бүгін, 24 тамызда тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Украинада тәуелсіздік күні мерекесі 1992 жылы - Украин ССР-ы Жоғарғы Кеңесінің "Украинаның тәуелсіздігін жариялау актісін" қабылдауы құрметіне жарияланған,- деп хабарлады Азаттық.

Киевте орталық Крещатик көшесі мен Тәуелсіздік алаңында (Майдан Незалежности) әскери парад өтеді. Ел көлемінде мерекелік шаралар, көрмелер мен концерттер болады.

Бұл күні 2013 жылдың қарашасы мен 2014 жылдың ақпаны аралығында сол кездегі ресейшіл президент Виктор Януковичтің билігіне қарсы толқуларда қаза тапқандарды ерекше еске алады.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 тамыз 2016, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.