Атырау, 27 қараша 09:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей, Германия және Франция басшылары Донбастағы жағдайды талқылайды

2 502 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд.

Кремль Ресей, Германия және Франция басшылары қыркүйекте Қытайда болатын G-20 елдері саммиті аясында Украина шығысындағы ахуалды талқылайтынын хабарлады,- деп хабарлады Азаттық.

Украина шығысында соңғы кезде үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстың қайтадан тұтау қаупі мен Қырымдағы ахуалдың шиеленісе бастауы 2015 жылы ақпанда Минскіде жасалған әлсіз келісімді күйретуі мүмкін деген алаңдаушылықты күшейткен.

Кремльдің мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путин 23 тамызда Германия канцлері Ангела Меркельмен және Франция президенті Франсуа Олландпен телефонмен сөйлесіп, Украина шығысындағы ахуалды талқылаған. Үш ел басшысы Қытайда 4-5 қыркүйекте G-20 саммиті аясында кездесуге келіскен.

Германия үкіметінің баспасөз хатшысы үш ел басшысы Украина шығысындағы бітімнің бұзылуын талқылағанын, Меркель мен Олландтың Путинді жағдайды қалыпқа түсірудің қолдан келетін амалын жасауға шақырғанын айтты.

Путин осы айдың басында Киевті Қырымда "іріткі салу әрекеттерін" жасамақ болды деп айыптаған. Украина президенті Петр Порошенко мұны жоққа шығарып, бұл айып Ресейдің Украинаға "кең көлемді" басқыншылық жасауына" ілік болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

24 тамыз 2016, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.