Атырау, 27 қараша 06:52
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейлік спортшылар Риодағы Паралимпиададан шеттетілді

1 540 просмотра

Фото: russia.ruСпорт арбитраж соты (CAS) ресейлік спортшыларды Рио-де-Жанейрода 7-нен 18-не дейін өтетін Паралимпиада ойындарынан шеттетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Риа Новости"-ге сілтеме жасап.

Арбитраж ресейліктердің Халықаралық паралимпиада комитетіне (IPS) Ойындардан атлеттерді шеттету әрекетіне жазған шағымын қанағаттандырмады.

Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің тәуелсіз комиссиясын (WADA) басқаратын Ричард Макларен 18 шілдеде Ресейде антидопинг жүйесінің мемлекеттік деңгейде жүріп жатқанын мәлімдеген. Ол өзінің есебінде 2012-2015 жылдар аралығында допингі расталған 35 ресейлік паралимпиадашылардың сынамалары іс-түссіз жоғалып кеткенін айтқан.

Осыдан кейін WADA Халықаралық паралимпиада комитеті (IPS) Ойындардан ресейлік спортшыларды шеттетуді ұсынған. IPS 7 тамызда агенттіктің ұсынысымен келіскен. Ресейдің паралимпиада комитеті Спорт арбитраж сотына шағым түсірген.

Ресей тарапы бұл IPS шешімін адамгершілікке жатпайтын, зұлым деп атаған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

23 тамыз 2016, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.