Бүгін, 23 тамызда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы МАТАЕВ пен ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет МАТАЕВТЫҢ істері бойынша ашық сот процесі басталды.
Соттан хабарласқан біздің тілшіміздің айтуынша, еліміздің бас журналисі өзін сергек ұстап, тіпті қайсарлық танытқан. Сот ісін судья Ақболат ҚҰРМАНТАЕВ жүргізуде, адвокаттар - Андрей ПЕТРОВ және Мәдина БАКИЕВА.
Прокуратураның екі өкілі кезек-кезек айыптау қорытындысын ішінара (164 беттің 44-ін ғана оқыды) оқып өтті. Онымен үзілді-кесілді келіспеген Сейітқазы Матаев: «Біз алты ай бойы қамауда отырмыз, енді келіп, уақытты үнемдейміз бе? Толық оқысын».
Айыптау негізгі үш тармақтан тұрады (бұрын жарияланған нақты айыптаулар сәл кейіндеу). Астаналық уақыт бойынша 14.45-ке дейін үзіліс жарияланды.
Алайда, басты жаңалық сот залында емес, Алматыда болды: бұдан бұрын қабылданған сот шешімімен оңтүстік астананың орталық көшелерінің бірі – Фурманов көшесіндегі Ұлттық баспасөз клубы ғимаратының жоғарғы қабаттарын бұзды. Ғимарат ішінде бар-жоғы екі қызметкер ғана, оларға ғимаратты бұзу туралы ескертілмегендіктен аң-таң күйде. Матаевтардың өздері де бұл туралы Астанадағы сот процесі барысында ғана білген.
Сол күні сәл кейінірек Сейітқазы Матаев өзін нашар сезінді (қан қысымы бірден көтеріліп кеткен), сөйтіп оны ауруханаға жөнелтті. Осыған байланысты сот кейінгі мерзімге ауыстырылды.
Жеке ақпарат