Атырау, 27 қараша 06:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресеймен болған допинг дауы АҚШ-тың 2024 жылы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігін төмендетті

2 365 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің Америкаға қарсы көңіл-күйінің кесірінен 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу туралы АҚШ өтінімі кері қайтарылуы мүмкін. Кейбір ХОК мүшелерінің наразылығы ресейлік спортшылармен болған допинг дауындағы АҚШ белсенділігімен тығыз байланысты, деп хабарлады РБК.

«Әрине, бұл даудың салдары Лос-Анджелес өтініміне әсер етпей қоймайды», - деді ХОК мүшесі. Кем дегенде ХОК-тың Ресейге қатысы жоқ үш мүшесі Рио Олимпиадасы алдында агенттікке АҚШ-тың допинг дауына араласуы «ХОК атағына нұқсан келтірді» деп жауап берген.

Лос-Анджелестен бөлек, 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінімді Париж (Франция), Рим (Италия) және Будапешт (Венгрия) қалалары берген. Олимпиада ойындарын өткізу орны туралы ХОК 2017 жылдың қыркүйек айында шешім қабылдайды.

Дереккөз: Іnform.kz

23 тамыз 2016, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.