Атырау, 27 қараша 06:58
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ-та полицей ымдап түсіндіргісі келген мылқау жүргізушіні атып тастаған

1 675 просмотра

WCNC телеарнасынан алынған кадрАҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында полицей ымдап түсіндіргісі келген саңырау әрі мылқау жүргізушіні атып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты WCNC телеарнасына сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, олар жол бойында Volvo автокөлігінде 29 жастағы Дэниэл Кевин Харрис есімді азамат жылдамдықты асырды деген деректі тіркеген. Полицейлер автокөлікті тоқтатпақшы болған екен, алайда жүргізуші тәртіп сақшыларына ешқандай назар аудармай, жүре берген.

Содан полиция қызметкерлері оны соңынан қуып, салдарынан екі көлік соқтығысқан. Кенеттен Харрис тоқтап, көліктен шыққан. Куәгерлердің айтуынша, он секундтан кейін атыстың дауысы шығып, нәтижесінде Харрис оқиға орнында қаза тапқан.

Қаза тапқан 29 жастағы Харристің көршілерінің айтуынша, ол саңырау әрі мылқау болғандықтан полицейлердің дабылын естімеген және оларға не керек екенін тіпті түсінбеген.

Дереккөз: Tengrinews.kz



23 тамыз 2016, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.