Атырау, 27 қараша 06:55
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Явлинский: Қырым мәселесін қалай да шешу керек болады

2 397 просмотра

Ресейдің "Яблоко" партиясы саяси комитетінің төрағасы Григорий Явлинский Азаттыққа берген сұхбатында Қырым мәселесі Ресей, Украина, АҚШ әіне Еуропаның жетекші елдері қатысатын, арнайы шақырылған халықаралық конференцияда шешілуі мүмкін деп мәлімдеді.

"Лицом к событию" деп аталатын телебағдарламада Явлинский БҰҰ Бас ассамблеясы Қырымды аннексиялап алғаннан соң өзгерген Ресей шекарасын сол күйі мойындамағанын айтты. Оның сөзінше, Ресей үшін шекарасының барлық бөлігі халықаралық деңгейде мойындалғаны маңызды. Явлинский Қырым тұрғындарының Ресей және Украина тұрғындарымен құқығы тең болғанын қалайтынын айтты. Саясаткердің пікірінше, Қырым тұрғындары Еуропа Одағы елдеріне визасыз саяхаттап, жұмыс орнын еркін таңдауына, балаларын оқытуына хақылы болуы тиіс.

"Қырым мәселесін қалай болғанда да шешуге тура келеді. Мұны бір күнде істеуге болмайды. Бірақ бұл мәселеге қатысты халықаралық конференцияға қатысушылар Қырымға қатысты проблеманы шешудің "жол картасын" қабылдай алады" деді Явлинский.

"Донбастағы қақтығыстың алдын алу мүмкіндігі бар ма?" деген сұраққа Явлинский ең алдымен сепаратизмді қолдауды доғарып, кек алу мен қантөгіске жол бермейтін арнайы шараларды қабылдау қажет дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

23 тамыз 2016, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.