Атырау, 28 қараша 12:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Дамбыда сиырларды қалай құтқарып жатыр?

Сурет Бейнежазба
5 471 просмотра

Шілдеде Құрманғазы, Исатай аудандарында және Атырау қаласының Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтарына қарасты ірі қара мал арасындағы нодулярлы дерматит бойынша жарияланған карантин әлі жалғасуда. Біз Дамбы ауылдық округінің аумағындағы карантин аймағында жағдайды өз көзімізбен көру үшін болып қайттық.

Карантин жарияланған аумақтарда барлығы 79 мың ірі қара мал бар деп есептеліп отыр. Соңғы мәліметтер бойынша нодулярлы дерматитті 5 600 бас мал жұқтырған, 605-і өлген. Сонымен бірге мал дәрігерлері жануарлардың сауығып кету тенденциясын атап өтуде. 220 сиырды емдеу мүмкін болған. Эпидемияға қарсы іс-шараларға облыс аумағында 147 мал дәрігері қатыстырылып отыр, соның ішінде республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары да бар.

Дамбы ауылдық округінің мал дәрігері Марина ҚАПАРОВАНЫҢ айтуынша, көп нәрсені емдік шараларды ерте бастау шешеді – сол кезде толық сауығып кетуіне үміт көп:

- Біз мал ұстайтын округтың барлық тұрғындарын малдан ауру белгілерін байқаса, яғни, температурасы көтеріліп, тыныс алуы жиілесе, танауынан сора ағып, лимфа түйіндері ұлғайса, тамаққа тәбеті тартпай, денесі бұдырланып тұрса, бірден бізді ақпараттандырсын деп ескерттік.

Марина апа бізді ауру малы бар аулаларды аралаты.

Жаңаталап ауылының тұрғыны Жұмабек АЙТЖАНОВ сиырынан ауру белгісін бірден байқаған:

- Бұл екі апта бұрын болған. Қарасам, денесінде жара пайда болыпты. Бірден мал дәрігеріне хабарладым. Сиырды бөлек орынжайға ауыстырып, басқаларынан оқшауладық. Мал дәрігері айтқандай, оны көлеңкеде ұстап отырмыз. Бізге жиі келіп, мал қораларда дезинфекция жүргізеді. Ал, сиырға екпе салып кетеді. Қазір жаралары жазылды, сауығып келе жатқан сияқты.

Қызылбалық ауылының тұрғыны Баян НҰРАХМЕТОВАНЫҢ шаруашылығында үш сиыр мен үш бұзау бар. Сиырлардың бірі нодулярлы дерматит жұқтырған:

- Малдың ауру жұқтырғаны туралы жаңалық бізде тез тарады. Сондықтан біздің отбасымыз сиырларды көз жазбай бақылап отыр. Бір сиырымыздың денесінде жара толып кеткенде бірден мал дәрігерімізді шақырттық. Қазір емнің бесінші күні болды, ал сиырымыз сауығып келеді, жаралары жазылды, тәбеті ашылды.

- Бүгінде нодулярлы дерматиттен екпе жоқ екені белгілі. Біз ауырып қалған сиырларды Нитокс және Бициллин-3 деген антибиотиктермен емдеудеміз, сондай-ақ, АСД-3 жақпа майын қолданамыз, балық майын беріп жатырмыз, - дейді М. Қапарова. – Барлық малдың жеткілікті мөлшерде суарылуын және байытылған жеммен жемделуін қадағалап отырмыз. Ал сауығып кеткен малдардың нодулярлы дерматитке күшті иммунитеті қалыптасып келеді.

Дамбы ауылдық округында бұл ауруды 25 сиыр жұқтырған, олардың 10-ы сауыққан.

Карантин аймағында бекеттер қойылған – бұл жерден шығатын автокөліктердің дөңгелектеріне дезинфекция жүргізілуде. Сонымен бірге малдарды сыртқа әкетуге арналған көліктер және мал өнімдері тексерілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

Бейнежазбаны түсірген Марата ТАКУЛИН

22 тамыз 2016, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.