Атырау, 27 қараша 06:42
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ердоған: Газиантептегі жарылысты жасөспірім жасаған

1 459 просмотра

Фото: globallookpress.comТүркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп қаласында 50-ден астам адамды құрбан қылған жарылысты жасөспірім жасаған деп мәлімдеді осы ел президенті Режеп Тайып Ердоған. Оның сөзінше, жанкешті 12-14 жас аралығында болған. Түркия билігі жарылысты теракт деп атап, оны экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы ұйымдастырған,- деп хабарлады Азаттық.

Өткен сенбінің кешінде Газиантепте неке қию сарайында үйлену кешіне қатысып жатқан жұрт көшеге шыққанда жанкешті жарылыс жасаған. Жарылыстан 51 адам қаза тауып, 90-нан астам адам жараланған. Мәліметтерге қарағанда, үйлену кешіне жиналған жастар мен қонақтар күрдтер болған. Газиантеп қаласы Түркияның оңтүстігінде Сириямен шекараға жақын орналасқан. BBC-дің хабарлауынша, қазір Сирия шекарасында күрд қарулы жасақтары мен содырлар арасында ұрыс жүріп жатыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі 21 тамызда "бауырлас түрік халқына", құрбандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Газиантептегі "терактіні қатаң айыптаған" мәлімдеме таратты.

Дереккөз: Аzattyq.org

22 тамыз 2016, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.