Атырау, 28 қараша 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Балаларға суда өздерін қалай ұстау керек екенін үйретті

Сурет Бейнежазба
3 940 просмотра

19 тамызда Жайық жағасында жедел-құтқару отрядының қызметкерлері балаларға судағы тәртіп ережесін үйретіп, экстремалды жағдайларда өзін қалай ұстауды айтып берді.

Атап өту керек, қызықты шараға қатысқан балалар басқалары секілді жазғы каникул кезінде орталық бассейнде оқу курстарынан өткен болатын. Сүңгуір-құтқару қызметінің бастығы Самат ҚҰМАШЕВТЫҢ айтуынша, бұл жұмыстың бастамашысы әрі ұйымдастырушысы осы қызмет екен. Оқулар тегін жүргізілді. 8 жастан 15 жасқа дейінгі балалар тобы кәсіби жаттықтырушылардан еркін стильде жүзуден бастап тыныс алу техникасына дейін білім алды. «Суға батып бара жатқанға көмек беру» тақырыбындағы дәрісті құтқарушылар практикалық сабақтармен толықтыра отырып оқыды. Мұндай практика алғаш рет өткізіліп отыр және ұйымдастырушылар бұл дәстүрлі шараға айналады деп үміттенеді.

Балалар екі айдың ішінде алған тәжірибелерін суда жануға тырысты. Жүзу жарысына 20-дан астам бала қатысты, ол үшін таяз суға жүзбелі бөгеттер қойылды. Ал, кейін балалардың көңілін аулаған Нептун, су перісі және қарақшылармен суретке түсудің сәті туды.

Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

20 тамыз 2016, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.