Атырау, 28 қараша 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жер телімі үшін пара талап еткен шенеунік ұсталды

2 794 просмотра

Махамбет аудандық соты Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына қатысты және пара алды деп айыпталған жер қатынастары бөлімінің басшысы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық істің материалдарынана сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігіне П. есімді азаматтан ауыл шаруашылығымен айналысу үшін жер телімін алу туралы өтініш түскен. Шенеунік өтініш иесіне Таңдай ауылы маңындағы канал жағасынан жалпы көлемі 20 гектар жер телімін ұсынады. Ал, шешімді «тездету» үшін 150 мың теңге көлемінде ақы сұраған. Алайда, П. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро деартаментіне арыз жазады. Ол ақшаны екі рет берген – әуелі 50 мың теңге әкелген, ал бір айдан соң қалған соманы беру кезінде шенеунік өзінің қызметтік кабинетінде ақшаны алып жатқан кезде ұсталды.

Сотта прокурор мен сотталушының арасында кінәні мойындау туралы іс жүргізу туралы келісім жасалды.

Сот С.-ға мүлкін тәркілей отырып, параның 60 есе сома көлемінде, яғни, 9 000 000 теңге айыппұл салды, сондай-ақ, мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 тамыз 2016, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.