Атырау, 27 қараша 06:34
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Рио-2016: АҚШ-та спортшылар Олимпиадада алған жүлдесі үшін салық төлейді

1 855 просмотра

Рио Олимпиадасында жеңіске жеткен және жүлде алған спортшыларға АҚШ-тың Олимпиада комитеті қомақты қаржы бөліп отыр. Сонымен қатар, спортшылар алған жүлдесі үшін салық төлейді, деп жазды BNews.kz сайты MarketWatch-ке сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі мәлімет бойынша, Америка құрамасы Олимпиаданың жалпы медальдар кестесінде көш бастап тұр. Нақтырақ айтқанда, америкалық спортшылар барлығы 93 медаль алды. Олардың 30-ы алтын, 32-сі күміс, 31-і қола медаль. «Алтын» үшін олимпиадашыларға 25 мың, «күміс» үшін 15 мың, «қола» үшін 10 мың доллар төленеді.

АҚШ-тың салық органдарының сөздерінше, аталған медальдарға салық салынады.

АҚШ-та салық салудың арнайы ережесі бар. Яғни, табысы неғұрлым көп азаматтар салықты да көп төлейді. Онда кіріс мөлшеріне байланысты салықтың 7 дәрежесі бар және салық ставкасы 10-нан 39,6 пайызға дейін жетеді.

Жалпы алғанда, АҚШ спортшыларының табыстары аса үлкен емес. Алайда, олардың арасында демеушілермен келісімшарт негізінде көп табыс табатын спортшылар да бар. Мысалы, гимнаст Александра Райсман Ralph Lauren және Reebok пен Pandora зергерлік компаниясымен бірден бірнеше келісімшарт жасаған.

Рио Олимпиадасында ол бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, 55 мың доллар табыс тапты. Оның 21,8 мыңы салыққа төленуі мүмкін.

Дереккөз: BNews.kz

19 тамыз 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.