Атырау, 28 қараша 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Анасы ұлын кешірді...

1 784 просмотра

Ұлы анасына қолын көтерді, алайда, оны анасы кешірді. Жеке айыптау бойынша іс жазалауға жеткен жоқ.

Исатай ауданында 25 жастағы жергілікті тұрғын өз үйіне түнде достарымен оралады. Жиналған топ шу көтереді, ал, ол аулада тұрған автокөлікті қатты ұрғылайды, сол мезетте анасы олардың ауладан кетуін сұрайды. Оған жауап ретінде баласы балағаттап, анасының қолын қайырып, сарайға апарып, есігін құлыптап тастайды. Қамаудан босап шыққан әйел баласының үстінен полицияға арызданады.

Ұрып-соғу бойынша іс Исатай аудандық сотында қаралды. Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады. Исатай аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлағанындай сот отырысы кезінде әйел өз баласының кінәсін кешірген. Және медиация тәртібі бойынша бітімге келуге байланысты ҚР ҚК 109-бабы бойынша («Тән ауруына ұшырататын, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау») жеке кінәлаудан бас тарту туралы өтініш берген. Сот тараптардың бітімге келуіне байланысты іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 тамыз 2016, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.