Атырау, 28 қараша 16:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Канализациялық сипаттағы ТЖ

1 681 просмотра

Image 0Көрнекі сурет19 тамызда қалалық әкімдік сайтында Атырау қаласы әкімінің қаланың №40 КСС-нан «Ақ Жайық» қонақ үйіне дейін, Азаттық даңғылы және Досмұхамбетов (бұрынғы Тельман көшесі) көшесінің қиылысы, Махамбет көшесі бойындағы Уәлиханов және Абай көшелері аралығындағы, сондай-ақ Авангард 4-ықшамауданындағы аумақтарында «Жергілікті масштабты техногенді сипаттағы төтенше жағдай» жариялау туралы шешімі жарияланған болатын.

Сондай-ақ, сол хабарламада Авангард 4-ықшам ауданындағы тұрғын үйлерге қызмет көрсететін №5 КСС-ның апатты жағдайына және өздігінен ағатын коллектордың тозығы жеткендігіне байланысты деп түсініктеме беріле кеткен.

Қалалық ТКШ бөлімінде аталмыш тұрғын үй массивтерінде канализациялық желілердің ақаулығы көптен бері орын алғандығы және бұл мәселені шешетін уақыт келгендігін мәлімдеді. Қала әкімінің шешіміне сәйкес ТЖ жою қорынан канализацияны күрделі жөндеуден өткізуге қаражат бөлінетін болады. Көптеген коллекторлар орталық көшелердің астымен тартылған. Жөндеу жұмыстары траншеясыз әдіспен жүргізіледі, - деп хабарлады ТКШ бөлімінде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 тамыз 2016, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.