Өз инспекторын «сатып алуға» тырысқан шартты түрде сотталушы 424 200 теңге көлемінде айыппұл төледі.
Бұрынырақ сотталған ер адам Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің инспекторы жүзесе асырған пробациялық бақылауда болған. Мұндай бақылауға бас бостандығын шектеуге сотталғандар, шартты түрде сотталғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде-мерзімінен бұрын босатылғандар алынады. Олар үнемі өз инспекторына барып белгіленеді, тұрғылықты мекенжайын, жұмысын, оқуын өзгертпеу керек, өз кураторын ескертпей белгілі бір орындарға бармауы тиіс.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ақпараты бойынша, 2016 жылдың мамырында шартты түрде сотталған Б. Атырау қаласының пробация қызметіне шақырылған болатын. Ер адам ол жаққа бармауды шешіп, оның орнына төлем терминалы арқылы өз инспекторының ұялы телефонының балансына 1000 теңге жіберген. Және оған бақылау күнін басқа уақытқа ауыстыруын сұраған смс жолдаған.
Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы («Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi») бойынша кінәлі деп танып, оған 424 200 теңге айыппұл салды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА