Атырау, 27 қараша 06:55
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресей Алеппода 48 сағаттық бітім орнатуға келісті

1 602 просмотра

Фото: ReutersРесей 18 тамызда интернетте Сирияның Алеппо қаласындағы әуе шабуылдарынан тірі қалған баланың суреті жарияланып, таралып кеткен соң Алеппода 48 сағаттық бітім орнатуға келісті. Түрі абыржыған, жадау, бетінде қатқан қан дақтары бар ұл баланың суреті көтерілісшілер бақылауында тұрған, Ресей әскери-әуе күштері қолдайтын үкімет әскерінің қоршауындағы Алепподағы жантүршігерлік жағдайды бейнелейді,- деп хабарлады Азаттық.

Бұл баланың суретіне халықаралық қауымдастықтың реакциясы өткен жылы Түркия жағалауына шығып қалған сириялық баланың суретіне деген реакцияға барабар шықты.

Алепполық бала туралы айтқан АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби "бұл баланың өмірінде елінде соғыссыз, өлім мен қирау және кедейліксіз өткен күн болған жоқ" деді.

Ресей генералы Игорь Конашенков келесі аптада болады деп күтілген бітім Алеппоға гуманитарлық жүк жеткізуге мүмкіндік беріп, алдағы ықтимал бітім үшін "сынақ болатынын" мәлімдеді. Ол Ресей ендігі Алеппоға "үкімет әскерінің бақылауындағы территориялар арқылы" гуманитарлық жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін айтты.

Дереккөз: Аzattyq.org

19 тамыз 2016, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.