Атырау, 27 қараша 06:35
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Риода көз жұмған неміс бапкерінің төрт дене мүшесі донорларға трансплантацияланды

1 713 просмотра

Рио Олимпиадасы ойындары кезінде ескек есуден Германия құрамасының бапкері Штефан Хенц көлік апатына ұшырап, ауруханада көз жұмған еді. Алайда ол төрт адамның өміріне арашашы болып қалыпты.

Қайтыс болған неміс бапкерінің дене мүшесі 4 адамға сәтті түрде трансплантацияланды деп жазады Die Welt.

Неміс командасының бапкері келе жатқан такси Риода апатқа ұшырайды. Ол басынан қатты жарақат алады. Оқыс оқиға 12-тамызда орын алған. Бұдан кейін 35-жастағы бапкерге нейрохирургия бөлімінде ота жасалады, алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Ол 15-тамызда көз жұмды.

Рио-де-Жанейро штатының денсаулық сақтау органындағылар Штефан Хенцтің жүрегі, бауыры және екі бүйрегі донорларға берілді деп хабарлады. Яғни, неміс маманының осы дене мүшелері басқа адамдарға сәтті түрде трансплантацияланған. Соның арқасында төрт адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған.

Дереккөз: 365info.kz

18 тамыз 2016, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.