Атырау, 27 қараша 06:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Молдова Ресейдің Приднестровьедегі әскери жаттығуына наразы

1 895 просмотра

Молдова сыртқы істер министрлігі ресейлік дипломаттарға таяуда жікшіл Приднестровье аймағы территориясында Ресей әскерінің қатысуымен әскери жаттығу өтуіне қатысты шағымданды.

Министрлік 18 тамызда жаттығудың заңсыз, "арандатушылық сипатта" екенін мәлімдеді. "Әскери жаттығулар Молдованың терирториялық тұтастығы мен егемендігіне нұқсан келтіруді көздейді" делінген мәлімдемеде.

Министрлік Кишинев Ресейден Приднестровьеден әскері мен ауыр қару-жарағын шығаруды және бітімгершілік қызметін халықаралық ұйымдарға тапсыруды талап ететінін білдірді.

Осы айда Приднестровьеде ресейшіл сепаратистер мен Ресей әскерилерінің қатысуымен осымен екінші рет жаттығу өтіп жатыр.

Молдовада 1992 жылы сепаратистер мен молдова үкімет әскері арасындағы соғыстан соң бейбіт келісім жасалғаннан бері 1 мыңнан астам Ресей әскері орнығып қалған. Соғыстан 1 мың 500-ге тарта адам құрбан болған.

1999 жылы Мәскеу 2002 жылға дейін әскерін шығаруға келіскен. Бірақ Ресей Молдова үкіметінің бірнеше рет қойған талабына қарамастан ол келісімді орындамай отыр.

Дереккөз: azattyq.org

18 тамыз 2016, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.