Атырау, 7 желтоқсан 05:35
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркиядағы бүліктен кейін 40 мың адам ұсталды

2 080 рет қаралды

Түркия билігі бүлікке қатысы бар 40 мың адамды ұстады. Олардың 20 мыңы қамауға алынған. Бұл туралы ел Премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлімдеді.

Сондай-ақ ол 80 мың адам мемлекеттік қызметтен алынғанын хабарлады. Еске салып кетсек, 16 шілдеге қараған түні бүлікшілер тобы Түркияда әскери төңкеріс жасауға тырысқан. Нәтижесінде бүлікшілерді санамағанда 240-тан аса адам опат болып, екі мыңнан астам адам жараланған болатын. Ел билігі бұл бүлікті Фетхуллах Гюлен ұйымдастырды деген айып тағып, АҚШ-тан оны экстрадициялауды талап етті. Гюленнің өзі болса, төңкеріс әрекетін айыптап, оған қатысы жоқ екенін алға тартты. Бинали Йылдырым, Түркия Премьер-министрі: - Ұсталғандардың арасында әскерилер, полицейлер, судьялар, прокурорлар мен мұғалімдер бар. Сонымен қатар бүліктен кейін Гюлен қозғалысымен байланысты 4 мыңнан аса компания мен ұйым жабылған.

Дереккөз: 24.kz

18 тамыз 2016, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.