Түркияның Ван провинциясына қарасты Ипекйолы ауданының полиция учаскесіне «Күрдістан жұмысшы партиясы» жарылғыш тиелген көлікпен шабуыл жасады.
Алдын ала болжам бойынша жарылыс салдарынан 3 кісі қаза тауып, 73-і түрлі дене жарақатын алған, деп жазады Haber7.com. Ал NTV haber-дің хабарлауынша, жарылыстан 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, 71 адам жараланған және жараланғандардың 17-сі полиция қызметкері. Қаза тапқандардың бірі – полиция қызметкері. Жаралылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның артынан қауіпсіздік қызметкерлері мен полиция қызметкерлері террорлық ұйымның бір мүшесін жаралап, қолға түсірді. Қалашық орталығының бірнеше жерінен естілген жарылыс дыбысынан соң атылған оқ дыбыстары да шыққан, деп хабарлайды Haber7.com.
Дереккөз: 24.kz