Мақат аудандық соты Доссор поселкесінің үш тұрғынын жалған куәлік еткені үшін үш жылға бас бостандығынан айырды.
Мақат ауданы прокурорының міндеті атқарушы Мақсат ШАРИПОВТЫҢ ақпараты бойынша, аудандық сотқа куәгерлер ретінде шақыртылған Доссор поселкесінің үш тұрғыны ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 608-бабы 1-тармағы («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруына беру») бойынша айыпталған жігіттің автокөлікті мас күйінде жүргізбегендігі туралы жалған ақпар берген.
Судья істі қарай келе, куәлардың жауаптарын теріске шығарып, үш жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айыру жөнінде қаулы шығарды.
- Жалған айғақ берген үш тұрғын ҚР ҚК-нің 420-бабы 1-тармағымен («Сотта… куәнің көрінеу жалған айғақтары…») кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түрінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды М. Шарипов.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА