Атырау, 28 қараша 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жөндеу: қоңыраудан қоңырауға дейін

5 319 просмотра

Индер ауданында 15 мектеп бар. Оның үшеуі күрделі жөндеу жоспарына іліккен болатын. Мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

Есбол ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің күрделі жөндеуіне бюджеттен 66 млн теңге бөлінген болатын. «ДанСтройБазаСервис» ЖШС жөндеу жұмыстарын мамырда бастады. Жамбыл атындағы орта мектептің директоры Майра САБИРОВАНЫҢ ақпараты бойынша, ғимараттың сыртын қаптау, төсемтас төсеу, ауланы қоршау және кейбір сыныптар мен асхананың ішкі жұмыстары атқарылған.

Өрлік ауылындағы Қ. Абақанов атындағы орта мектептің күрделі жөндеуіне 84 млн теңге бөлінген. Бірақ, «БатысСтройСервис» ЖШС мектепті күрделі жөндеу конкурсын 71 млн теңгеге жеңіп алған. Жөндеу жұмыстары 25 маусымда басталған. Бүгінде ғимараттың сыртын қаптау, төсемтас төсеу, сыныптарды сылау, дәліздер еденін кафельдеу, есіктерді қондыру жұмыстары атқарылған.

- Жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтау кезінен бүгінге дейін жұмыс құны қатты өзгерді, құрылыс материалдары тез қымбаттап кетті. Сондай-ақ, ішкі жұмыстарды жүргізерде біз ток жүйелерінің әбден ескіргенін байқадық. Бірақ оны ауыстыру жұмысы сметада көрсетілмеген. Сол себепті аулаға салынатын футбол алаңының орнына ток жүйесін ауыстырдық, - дейді «БатысСройСервис» ЖШС Серікқали ЖОЛЫМБЕТ.

Мердігердің ақпараты бойынша, қазір жұмыстың 80 пайызы орындалып тұр екен. Мердігер 31 тамызда жұмыс толық аяқталады деп сендіруде. Алайда, 33 кабинеттің ағаш едендері әлі сырланбаған, плинтустар жүргізілмеген. Спортзал тас-талқан күйде. Сыртқы қаптама жұмысы толық біткен жоқ.

- Мердігер жұмысты жаңа оқу жылы басталғанша бітіреміз деп сендіріп отыр ғой. Бірақ, бірде-бір кабинет әлі толық жөнделген жоқ. Ал жаңа оқу жылына екі апта қалды, - дейді Қ. Абақанов орта мектебінің директоры Мағиса ИБРАШЕВА.

Индербор поселкесіндегі М. Әуезов атындағы мектепті күрделі жөндеуге 72 млн теңге бөлінген.

- Келісімшарт бойынша біз жұмыстарды қазанда бітіруіміз тиіс, - дейді мердігер мекеме - «Эра» ЖШС-нің директоры Сәбит ҚҰСПАНОВ. – Біз жұмысты мерзімінен бұрын бітіруге тырысудамыз. Бүгінде ғимараттың сыртын қаптау, ауланы қоршау жұмыстары бітіп тұр. Сондай-ақ, жақында қатты желден ұшып кеткен шатыр қалпына келтірілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.