Табиғат қорғау прокуратурасы Атыраудағы екі ресми жағажайдан кафелер салуды заңсыз деп таныды.
«Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жилгородок пен ДСК алдындағы жағажайларда су қорғау белдеуінің шеңберінде өкілетті органның келісімінсіз, яғни, су заңнамасының талаптары бұзылып, заңсыз кафелер салынғанын анықтады.
Заңсыз салынған құрылыстарды алып тастау шаралары алынуда», - делінген прокуратураның баспасөз хабарламасында.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ