Жоғарғы Нарын ГЭС-і салынатын аумақ, Қырғызстан. Фото: Аzattyq.orgРесей Қырғызстаннан Жоғары Нарын ГЭС-і құрылысына салған қаржысын қайтаруды талап етті,- деп хабарлады Азаттық.
Қырғызстан мен Ресей арасындағы Жоғары Нарын ГЭС-і мен Қамбарата-1 ГЭС-ін салу туралы келісім 9 тамызда күшін жойған. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Ресей осыған байланысты жұмысшыларға арналған қалашықты салуға, Жоғары Нарын ГЭС-іне бөлінген территорияға баратын жолды жөндеуге бөлген қаржысын қайтарып алғысы келеді. Ресей ГЭС құрылысына 37 миллион доллар жұмсағанын айтады.
Екі ел үкіметі арасында ГЭС салу туралы келісім 201 жылы 20 қыркүйекте жасалған. 2015 жылы желтоқсанда Қырғызстан үкіметі Ресеймен келісімді бұзған. Ресейдің әуелгі есебі бойынша, Жоғарғы Нарын ГЭС-ін салуға 400 миллион доллар керек болған. Кейін бұл сома 700 миллионға жеткен. Ресей жағы Қамбарата-1 ГЭС-іне екі милилард доллар салуды жоспарлаған.
Дереккөз: Аzattyq.org