Атырау, 13 мамыр 07:02
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Ресей Сирия территориясына Ираннан әуе соққысын жасады

2 874 просмотра

Фото: ReutersРесей әскери ұшақтары Ирандағы әуе базасынан бірінші рет Сирия аумағына әуе шабуылдарын жасады деп хабарлайды ресейлік ақпарат құралдары. Ресей қорғаныс министрлігі шабуылды 16 тамызда Иранның Хамадан әуе базасынан ұшып шыққан Ту-22М3 стратегиялық бомбалаушы ұшақтары және Су-34 бомбалаушы ұшақтары жасағанын айтады,- деп хабарлады Азаттық.

Министрлік әуе шабуылдарынан Сирияның солтүстігіндегі Дейр-әз-Зор, Жафра және Алеппо провинцияларында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының нысандарын, оның ішінде қару-жарақ қоймалары мен жаттығу лагерлерін жойғанын айтады.

Ресей Сирияда әскери-әуе операцияларын 2015 жылдың қыркүйегінде бастаған. Ресей әскері Сириядағы соғысты президент Башар Асадтың күштерін қолдайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

16 тамыз 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.