Облыстық ТЖД кешегі нөсер жауын мен екпінді желдің тигізген зияны туралы хабарлады.
Бес ғимарат шатырларының кей жерлері ұшып кеткен. Олардың барлығы қаланың сол жақ жағалауында орналасқан: мемлекеттік кірістер департаменті кеңсесінің жанындағы Әуезов көшесінің бойындағы көлік жөндеу орны, Атамбаев көшесінің бойындағы «Асикор С» ЖШС, 157/9 мекемесінің (тергеу изоляторы) асханасы, Говоров көшесінің бойындағы «Искакова» ЖК кеңсесі, Азаттық, 94 мекенжайы бойындағы тұрғын үй. Шатырдың ұшқан сынықтарынан жеті көлік бүлінді. Теректердің құлағаны туралы ақпарат расталған жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ