15 тамызда Жайыққа жас жігіт батып кетті.
Сағат 21.15-те Атырау қалалық судан құтқару станциясы кезекшісінің пультіне қала маңындағы Береке поселкесіне жақын маңдағы тоғайға сейілге шыққан Жұмыскер поселкесінің 25 жастағы тұрғынының Жайыққа шомылып жүрген кезде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Денені сүңгуірлер сағат 23.20-да судан шығарып алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ