Атырау, 28 қараша 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Таяқ жеген бажасы үш күннен соң көз жұмды

2 626 просмотра

№2 Атырау қалалық соты зардап шегушінің өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізді деп күдіктелген 28 жастағы қала тұрғыны А-ны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Тергеу жорамалы бойынша, 27 шілдеде А. бажасымен және оның екі қызметтесімен ішімдік ішкен. Отырыс кезінде олардың арасында дау туындап, А. бажасының қызметтестеріне тиісе бастайды. Бажасы жанжалқорды сабырға шақырады, бірақ есесіне бірнеше соққы алып, құлап, басын қатты соғып алады. Кешікпей бәрі тынышталып, үйлеріне тарасады.

Бірақ үш күннен кейін бажасы кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалады. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, кешікпей сол жерде көз жұмады.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы (жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 тамыз 2016, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.