Атырау, 28 қараша 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Махамбеттегі көпір кесте бойынша салынуда

5 767 просмотра

Махамбет ауданының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен есептік брифингте бүгінгі күні иелері мақсаты бойынша пайдаланбаған 134 гектар жердің 82 гектары мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

- Махамбет ауданы – облыстағы ең ірі аудандардың бірі, мұнда 33,7 мың халық тұрады. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту басымды бағыт болып табылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,9 млрд теңгені құрайды, бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш, - деді брифингте Құттымұратұлы.

Ауданда егістік жерлер алаңы өткен жылғы 2449 га-дан 2824 га дейін едәуір өсті.

Махамбет әдеттегідей картоп, көкөніс, бақша және жемшөптік дақылдарын өсіреді, бұл жерде тамшылатып суару тәжірибесі кең таралған. Биыл егіс алаңы 87 мың га құрайды.

Биыл аудан «Атырау» кәсіпкерлік корпорациясына бөлінген 132 млн теңге фьючерлік келісімшарт негізінде 1640 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 400 тонна жуа, 50 тонна қызылша және 250 тонна орамжапырақ тапсыруға міндеттелді.

Мал шаруашылығын қолдауға және асыл тұқымды ірі мүйізді қара сатып алуға аудан 146 млн теңге субсидия алды. Мұнымен бүгінгі күні өнімдері жақсы танымал әрі сұранысқа ие үш шаруашылық айналысуда. Олар - «Первомайский» ЖШС, «Первомайский БК» ЖШС, «Сарайшық» ЖШС.

Әкім қолдағы базамен туризм индустриясын дамытуға болады деп есептейді:

- Ауданның географиялық тұрғыда қолайлы орналасуы бұған мүмкіндік береді. Бізде «Хан Ордалы Сарайшық» музейі, «Бугорки», «Аққайың», «Бакланий» демалыс аймақтары, «Мекен» демалыс бағы, «АгроӨнімдер» аңшылық аймағы секілді бірқатар коммерциялық нүктелер ойдағыдай жұмыс жасап тұр. Талдыкөл поселкесінде 680 млн теңге сомаға «Олимпик» демалыс аймағының құрылысы басталды.

Біркелкі қолайлы мәртебеге қарамастан, ауданның кейбір елді мекендерінде бүгінде толық инфрақұрылым жоқ.

Ауыз сумен қамту мәселесі, Құттымұратұлының айтуынша, әлі шешілуде. Алмалы, Таңдай, Ортақшыл елді мекендерінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су қондырғыларын қайта жарақтау жалғасуда. Қазан айында осы ауылдардың тұрғындары таза сумен қамтылатын болады. Биыл Таңдай, Ақтоғай, Алмалы, Жаңа ауыл да ауыз сумен қамтылатын болады.

Аудан орталығында құны 9,5 млрд теңге болатын Жайық арқылы салынатын көптен күткен көпірдің құрылысы жалғасуда.

Құрылыс 2014 жылы басталды, егер әкімге сенсек, жұмыстар уақытымен жүріп жатыр.

Демеушілердің есебінен Махамбетте 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды. Береке ауылындағы жаңа мектеп құрылысын да демеушілер қаржыландырады, нысанды қазан айында тапсыру қарастырылған.

Жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықтармен және басқа оқу құралдарымен қамтамасыз ету үшін 33,7 млн теңге бөлінді.

Әкім ауданның бүкіл оқушылары биыл бүкіл қажетті нәрсемен қамтылатын болады деп сендірді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

15 тамыз 2016, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.