Атырау, 28 қараша 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Есепшінің ісі

2 013 просмотра

Image 0Есепші өз фирмасынан 15 млн теңгеден астам соманы жымқырып, сол үшін шартты түрде 3 жыл жаза алды.

Сотталушы Ш. 2010-2013 жылдары «CaspianContractorsTrust» ЖШС-де аға есепші болып жұмыс істеген. Осы уақыт бойына ол өз шотына ЖШС-нің ақшасы мен кәсіподақтың материалдық көмегін аударып отырған. Үш жыл ішінде 15 541 423 теңге жиналған.

Сотта әйел өзінің кінәсін толықтай мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сотқа дейінгі тергеу барысында әйел мен прокурор арасында іс жүргізу келісімі жасалды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, №2 қалалық сот оны ҚР ҚК-нің (ескі редакциясы)176-бабы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иелену») бойынша кінәлі деп тауып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырумен қатар, 2 жыл мерзімге есепшілік қызметімен айналысу құқығынан айырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 тамыз 2016, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.