Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​«Насихадан» жалған полицей ұсталды

2 636 рет қаралды

Image 011 тамызда таңертең «Насиха»сауда орталығында сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің бастығы Асхат Құсайынов өзін күмәнді ұстаған полицей формасын киген жас жігітке назар аударды.

Күзет бастығы өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетуді өтінеді. «Кіші сержант» шеніндегі полицей ішкі істер органдарына жақында ғана орналасқанын, оған форма берілгенін, ал куәліктің әлі дайын еместігін айтқан. Осыдан кейін күзет бастығы «102» нөміріне телефон соғады. Келген полицей патрулі «әріптестерін» ұстайды. Оның құқыққорғау органдарына еш қатысы жоқ екені анықталды. Ол - Атырау қаласының 19 жастағы тұрғыны, жол қозғалысы ережесін бұзғаны және ұсақ бұзақылығы үшін екі мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, тергеу басталды. Жалған полицейдің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 тамыз 2016, 23:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.