Атырау, 28 қараша 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2017 жылы су тасиды деген қауіп бар

2 736 просмотра

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ кеңесте 2017 жылғы су тасқынына қазірден бастап дайындалуға нұсқау берді. Ауа райын болжаушылардың жорамалына сәйкес, келесі жылы Қиғаш өзенінде су көп болады екен.

- Биыл да Қиғаштағы су деңгейі жоғары болып, бөгеттерді шайып кетті. Жергілікті тұрғындар және Батыс жедел құтқару жасағы мен облыстық ТЖ департаменті қызметкерлерінің күшімен елді мекендерді су басудан сақтап қалу мүмкін болды.

Ауа райын болжаушылардың жорамалы бойынша, келесі жылы Ресейде су көп болады. Волгоград ГРЭС-і жөндеуге тұрады да бүкіл су бізге келеді. Егер Индер ауданының Бөдене ауылы мен Махамбет ауданының Алға ауылындағы, тарихи Сарайшық қалашығы мен Жайық пен Қиғаш өзендерінің бойындағы басқа елді мекендердің жағалау аймақтарының опырылу қаупі бар. Сондықтан бүгін жағалауларды нығайта беру керек, - деді Ноғаев. Осы жұмыстарға жетекшілік жасау облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВҚА жүктелді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 тамыз 2016, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.