Атырау, 28 қараша 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Авангардтағы емханалық ахуал

2 227 просмотра

Жаңа медициналық Western Clinic емханасы ашылған бір айдан астам уақыттан бері Авангард 4-ықшам ауданы тұрғындарының өз аулаларына кіріп-шығуы проблемаға айналды.

№№ 12, 13, 9, 15, 12 А, 13 А үйлерінің тұрғындары мен басқалар ауладағы №12 және 13 үйлердің арасындағы өткел арқылы кіреді (Лобовой көшесінің бойы, «Лидер» дүкеніне қарсы). Бір айдай уақыт бұрын бұл жерде медициналық Western Clinic емханасы ашылды. Емхана ауласында шағын көлік қоятын орын бар. Алайда өтетін жол екі құрылыс мінберімен жабылған. Габаритті «жедел жәрдем» көліктері, сонымен қатар, емханаға келушілер көппәтерлі үйлердің аулаларынан шығатын-кіретін кезде қиындықтар тудырып, кейде қозғалысты толықтай жауып тастап, көліктерін жол жиектеріне қояды.

Нәтижесінде Лобовой көшесіндегі қозғалыс қиындайды. Ал қарбалас сағаттарда ол жерде кептелістер орын алады: Лобовойдан тұрғын үй массивіне кіргісі немесе шыққысы келетін жүргізушілер бір жолақтың бойымен қозғалуға мәжбүр, өйткені екінші жолаққа көліктер қойылған. Басқа шығатын жолдың болмауы жағдайды шиеленістіреді. «Мерей» базары жаққа қарай №13 және №15 үйлер арқылы өтуге тыйым салынған («Қозғалуға тыйым салынған» белгісі тұр). Жақында бұл жерде көлік апаты орын алды – ауладан шыққан шағын автобус қойылған көлікті соғып өтті.

Оқу жылы басталғанда көлік ағымы көбейеді – Нұрсая ықшамауданынан №№16, 30, 19 мектептерге, Жилгородок көпірі жаққа қарай ата-аналар балаларын сабаққа апаратын болады, сонда жағдай тіпті қиындайды.

Неліктен әкімшілік пациенттердің көліктеріне өздерінің көлік қоятын жеріне кіруге мүмкіндік бермейді деген сұрақпен тұрғындар емханаға жүгінген, алайда бұл орынның оған арналмағандығы туралы жауап алды.

Емхана ғимараты төрт қабатты, ол алуан түрлі медициналық қызмет түрлерін қамтиды, тиісінше, көп мөлшердегі келушілер легін қабылдауға әзір болуға міндетті. Егер емхананың жеткілікті көлік қоятын жері болмаса және тұрғын аймақта орналасқан болса, әкімшілік полицияның мақұлдау актісінде бұған қалай рұқсат бергендігі түсініксіз?

Бұл сұрақты біз Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Руслан ӘДІЛОВКЕ жолдап, бұл ведомствоның проблеманы қалай шешетіндігін айтуды өтінген едік.

Ресми жауапқа сәйкес, басқарма қызметкерлері осы учаскеге тексеру жұмыстарын жүргізіп, қазір Western Clinic-тің клиенттер мен келушілер үшін көлік қоятын қалташықтарды қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп жатқанын анықтаған. Сонымен қатар, әкімшілік полиция басқармасы қалалық бөлімге көше мен №13 үй ауласының аумағынан шығатын жердің қиылысына «Тоқтауға тыйым салынған» жол белгісін орнату жөнінде ұйғарым берген.

Телефонмен тілдескен кезде Атырау қаласының сәулетшісі Қуанышбек МҰҚАШЕВ емхананың «Мерей» базары жақтан көлік қоятын жерді кеңейтуге құжат алғанын растады.

Күніне келу саны қанша, неліктен емхананы тұрғын аймақтан салған, неліктен онда жеткілікті мөлшерде көлік қоятын орындары жоқ және құрылыс салушының құжаттары бойынша көлік қоятын аймақ қанша орынға есептелген, сонымен қатар, көлік қоятын аумаққа келушілердің көліктеріне кіруге неліктен тыйым салынған деген редакция сауалдарына осы емхана тиесілі Health Care Atyrau медициналық директоры Таир ХУДАДАТ-ЗАДЕ мырза бір қабаты компания кеңсесіне берілген емхананың күніне 150 келушіге есептелгенін айтты.

Көлік қоятын жер ретінде ғимарат бойындағы 40 метр аумақ пайдаланылады.

Ол сонымен қатар, аумаққа көліктің өтуіне тыйым салынбағанын атап өтті. Осы аптадан бастап бүкіл орталық пациенттері емхана аумағына еркін кіріп шығады.

«Бірнеше күн бойына кіретін көлік құралдарының санына шектеу қойылған еді, бұл көлік қоятын аймаққа іргелес аумақта жүргізілген әлдебір жоспардан тыс жұмыстармен байланысты болды. Қазіргі кезде бізге құжат бойынша бөлінген көлік қою аймағы біздің орталық пациенттері мен меймандары үшін қолданылады. Біздің бақылауымыз осыны растайды. Біздің пациенттерге, егер оларда қандай да болмасын басқа қажеттіліктер болмаса, аумағымызға көлік қоймауларына себеп жоқ», - деп атап өтілген емхана жауабында.

Дегенмен, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мұндай оптимизмді бөліспейді: көлік қоятын орын мүлдем кішкентай, пациенттер қаласа да, қаламаса да қозғалысты бөгеп, бұрынғыша өз көліктерін жол бойында қалдыруға мәжбүр.

Тек «Мерей» базары жақтан екінші көлік қоятын орынның ашылуын күту ғана қалып тұр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.