Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қылмыстар хроникасы

1 738 рет қаралды

Тамыздың 3-де кешкісін Құлманов көшесінің бойындағы супермаркет күзетшісі Привокзальныйдың 55 жастағы тұрғынын азық-түлікті ұрлауға әрекет ету кезінде ұстады. Ол түсіндіру жұмыстарынан кейін босатылды.

***

Атыраудың 26 жастағы тұрғыны 23 жастағы танысының өз пәтеріндегі шкафтан 40 мың теңгесін ұрлап алғандығын полицияға мәлімдеді. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Алмагүл ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде 2 тамызда сүйіктісімен ренжісіп қалған 22 жастағы қыз бір уыс ұйықтататын дәрі ішіп, өмірімен қош айтыспақ болған. «Жедел жәрдем» медиктері дәрі-дәрмекпен уланудың алдын алды.

***

Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 40 жастағы тұрғыны шағымданды: 20 жастағы танысы жұбайының сеніміне кіріп алып, табысы жоғары жұмысқа кіргіземін деп уәде беріп, 1,5 млн теңге мөлшеріндегі ақшасын иеленіп алған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

11 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.