Атырау, 25 қыркүйек 21:48
 дождьВ Атырау +22.9
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Доссордағы сақалды құрылыс

3 277 рет қаралды


Доссор поселкесіндегі 100 орындық шипажайлық балалар бақшасы (туберкулез сырқаттарымен байланысы бар балаларға арналѓан) құрылысының басталғанына 5 жыл өтсе де әлі күнге дейін пайдалануға берілген жоқ.

Құрылыс нысаны НКОК Н.В. компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымды жобалар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Алайда, ғимарат тұрѓызылѓаннан соњ ќ±рылыс ж±мыстары тоќтатылды.

Құрылыс нысаны НКОК Н.В. компаниясының «Әлеуметтік инфрақұрылымды жобалар» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Алайда, ғимарат тұрғызылғаннан соң құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

–НКОК және құрылыс мердігері арасындағы келісім-шартқа сәйкес балабақша құрылысы 2011 жылы желтоқсанда басталды. Бірақ, мердігер келісім-шарт талаптарын орындаған жоқ, сондықтан да басқа мердігерді іздеуге тура келді, соның салдарынан құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Осы жылдың наурыз айында біз «Жайық Универсал» ЖШС-мен келісім-шартқа отырдық,енді жұмыс жалғасады, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тілек МАХУОВ.

Бүгінгі күнге дейін ғимараттың сыртқы қаптау жұмыстары мен ауладағы жаяу жүргінші жолға тақта тастар төсеу аяқталды.

– Нысан құрылысының жалпы құны – 283 млн теңге. Құрылыс материалдары жеткілікті, барлығы да дер кезінде жеткізіліп отырады, – дейді «ЖайықУниверсал» ЖШС директоры Талап ӨМІРҒАЛИЕВ.

Шипажайлық балабақшаны осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

11 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.