Атырау, 5 желтоқсан 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мас күйде оқ атқан

2 383 рет қаралды

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мас күйде оқ атушыға қарсы әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сүйенсек, құқық бұзушы Щ. шілденің кешкі күндерінің бірінде өз ағасының үйінің ауласында мас күйде пневматикалық винтовкадан RedBull банкаларын атып, жаттыққан.

Щ. әрекеті ҚР ӘҚБтК-тің 436-бабының 1-тармағына («Елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда атыс қаруынан, газды (өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық қарудан оқ ату») ілінді. Сот оны кінәлі деп тауып, пневматикалық винтовкасын тәркілеумен қатар, 21 210 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 тамыз 2016, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.