Жексенбі күні, 14 тамызда сағат 05-тен 12-ге дейін Атырау қаласының орталық көшелеріндегі қозғалыс ірі габаритті үш жүктің «АтырауНефтеМаш» зауытынан АМӨЗ-ге тасымалдануына байланысты шектелетін болады. Бұл туралы «Саренс Қазақстан» компаниясының менеджері Азамат ІЗТЕЛЕУОВ хабарлады.
Бұл «алыптар» - «хоппер» деген атаудағы бір агрегаттың үш құрамдас бөлігі. АМӨЗ-ге әкелінгеннен кейін олар біртұтас модульге біріктіріледі. Алыптардың салмағы 222, 98 және 83 тоннаны құрайды. Биікті –
Колоннаның қозғалу бағыты: Элеваторный көшесі – Сырым Датов көшесі - әйелдер түзету колониясының маңында Бейбарыс даңғылына бұрылыс – Махамбет көшесі – Азаттық даңғылы, әкімшілік соты ғимаратының маңындағы Мирный поселкесі жаққа қарай бұрылыс – Говоров көшесі.
– Элеваторный көшесінен ешқайда бұрылмай тіке Говоров көшесіне жүруге болмай ма?
– Ол жерде жылу құбырларының үш торабы өтеді, олардың астынан біздің жүктеріміз өте алмайды. Осы тұрбаларды бұзу туралы мәселені біз тіпті қарастырған да жоқпыз.
– Электр қуатын ажырата ма?
– Тек ішінара, жақын маңдағы көшелерде колоннаның өту барысына қарай. Сонымен қатар, бұл күні таңертеңгі сағат 6-дан 8-ге дейін қалалық су тазарту құрылғыларында электрмен қамту жүйесі ажыратылады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор