«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры және басқарма төрағасы болып Манас ТАСЫБАЕВ тағайындалды.
Бұл туралы газ компаниясының сайтында хабарланған. Бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Ибулла СЕРДИЕВ «басқа жұмысқа ауысқан».
54 жастағы М. Тасыбаев – Ақтөбе облысының тумасы. Ақтөбе қаласының әкімі, 2002-2006 жылдары – Атырау қаласының әкімі, 2006-2008 жылдары – Атырау облысы әкімінің орынбасары болып еңбек етті. 2009 жылы батыс өңірі бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды. 2010 жылдың қаңтарынан бастап компанияның Ақтөбе өндірістік филиалының директоры қызметін атқарған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ