Атырау, 28 қараша 15:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Премьердің сапары аяқталды

Сурет Бейнежазба
2 227 просмотра

ҚР премьер-министрі Кәрім МӘСІМОВ Атырау облысындағы ресми жұмыс сапары бағдарламасындағы бүкіл жоспарланған нысандарға барып шықты.

Қашағанда ол үшін қысқаша экскурсия өткізілді, бұдан кейін ол облыс орталығына оралды. Тұрғын үй кешені мен ХҚКО-дан кейін премьер «КаспианРоял Фиш» балық зауытын қарап шықты. Бұл ішінара мемлекет қаржыландырған бекіре тұқымдас балықтар өсіретін және аквамәдени бекіре уылдырығын өндіретін жеке кешен. Осы жерде бірінші жоспарланған кеңес өтті. Премьер-министр оны өзі жүргізді, алайда залдан қойылған сұрақтарға жанындағы тұлғалар, әдеттегідей, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан НЫСАНБАЕВ түсінік берді. Бұл кеңесті жергілікті балықшылар көптен күткен еді, алайда сапардың ықшамдалған бағдарламасы өңірдегі бүкіл ой салатын мәселелерді көтеруге мүмкіндік бермеді. Премьер тыңдаған Жайықты тереңдету жұмыстарының қажеттілігі туралы мәселелерді кеңестің басты жетістігі деп атауға болады.

Қалай дегенмен де, Мәсімовтің твиттерінде: «Республикалық бюджеттен тереңдету жұмыстарына ресурстар қарастыру керек» дген жазбаны көруге болады. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған (оның ол қатысқан осы қысқаша кеңестен туындағаны анық) тағы бір комментарий үміт ұялатады. Онда ол өз әріптесі, РФ премьер-министріне: «Медведевпен алдағы кездесу кезінде трансшекаралық өзендер мәселелері мен Жайық өзеніндегі тереңдету жұмыстарын талқылағым келеді» деген.

Әрі қарай премьер-министр «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС зертханасына, «Жігермұнайсервис» ЖШС-нің бұрғылау қашауларын шығаратын зауытына барып, мұнайсервис саласының проблемалары бойынша кеңейтілген кеңес өткізілген (бұл туралы кейінірек оқисыздар) «АМӨЗ» ЖШС-де өз сапарын аяқтады. АМӨЗ-ден кейін кортеж бірден әуежайға аттанып, сағат 18.30-да үкімет басшысы Ақтауға ұшып кетті.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

9 тамыз 2016, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.