Атырау, 28 қараша 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Премьер - құрылыс алаңында

2 335 просмотра

8 тамызда Атырауда премьер-министр Кәрім МӘСІМОВ Нұрсая ықшамауданындағы 2-өткелде («Империя талантов» балабақшасының артында) орналасқан «Жерұйық» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болып қайтты.

Облыс әкімінің орынбасары Тимуржан ШӘКІМОВ облыстың құрылыс саласындағы ахуал туралы баяндады:

- Ағымдағы жылдың жеті айы ішінде облыста 273,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға көп. 288 пәтерлік көпқабатты бес үй мен бір қабатты бір бөлмелі он үй салынып бітті. 2 737 пәтерлік көпқабатты 44 үй мен 52 пәтерлік бір қабатты 31 үйдің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жыл аяғына дейін 1 462 пәтерлік көпқабатты 24 үй мен 40 пәтерлік бір қабатты 25 үй пайдалануға беріледі.

«АВЕ&К» құрылыс компаниясының директоры Болат БАЛАПАНОВ «Жерұйық» тұрғын үй кешенінің құрылысы «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ келісімшартына сай жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мұнда пәтерлердің 75 пайызы қорға, қалғандары – құрылыс компаниясына тиесілі болады. Құрылыс 2016 жылдың желтоқсанында аяқталмақ. Қазір жұмыс көлемі 60 пайызға орындалған.

Үйлер үш қабатты пенопластпен жылытылған панельдерден салынуда. Оларды Атырауда өткен жылы салынған «Direct Construction Servise» ЖШС үй құрылысы комбинаты дайындайды. Барлығы «Жерұйықта» 400 пәтерлік 8 үй салынатын болады.

- Салынатын үйдің жалпы алаңы 21 мың шаршы метрді құрайды. Бұл әрқайсысы 35,6 шаршы метрден тұратын бір бөлмелі 160 пәтер, 56 шаршы метрден тұратын екі бөлмелі 160 пәтер және 77,6 шаршы метрден тұратын жақсартылған жобасы бар екі бөлмелі 80 пәтер, - деп түсіндірді Б.Балапанов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор
8 тамыз 2016, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.