Атырау, 28 қараша 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Премьер халыққа қызмет көрсету орталығында болды

2 839 просмотра

Жұмыс сапары барысында премьер-министр Кәрім МӘСІМОВ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық бөліміне (бұл Сәтпаев даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы) аяқ басты.

Корпорацияның қалалық бөлімін ашу жұмыстары көктемде басталған болатын. Онда төрт кәсіпорын біріктірілген – «Халыққа қызмет көрсету ортьалығы», «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы». Осы мекемелер көрсеткен қызметтердің барлығы біртіндеп корпорация қызметкерлерінің құзырына көшеді.

Қазір корпорацияның қалалық бөлімі 530 қызмет түрін көрсетеді: қағаз түрінде 215 және электронды түрде – 315. Жыл аяғына қарай бүкіл қызмет жиынтығын көрсету жоспарланып отыр, ал бұл 709 атаудағы қызмет. Кәрім Мәсімов азаматтар түрлі министрліктерге бейнежазба хабарламаларын қалдыра алатын бейнежазба кабинасының жұмысымен танысты. Оны пайдалану үшін электронды-сандық қолтаңба болу керек. Хатқа жауап хат жолдаушының жеке поштасына келіп түседі.

Өткен 6 ай ішінде Кәрім Мәсімов барған №1 бөлім қала тұрғындарына 221 823 қызмет көрсеткен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
8 тамыз 2016, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.