Атырау, 28 қараша 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Нодулярлы дерматит тәбетімізді бұзбайды

3 798 просмотра

Мүйізді ірі қараның экзотикалық сырқаты бойынша енгізілген карантин Атырау тұрғындарының тәбетіне еш әсер етер емес. Ет бұрынғыша дастархандағы ең қалаулы тағам. Ендеше ол неге арзандамақ?

- Карантинге байланысты Астраханнан, Құрманғазы мен Исатай аудандарынан, сонымен қатар, Дамбы мен Кеңөзек ауылдық округтерінен ет жеткізуге тыйым салынды. Қазіргі уақытта Атырауға Оралдан, Индер мен Махамбет аудандарынан, Мақаттан, Доссордан, Геолог және Қайыршақты ауылдық округтерінен мал әкелінеді. Барлық жануарлар мен ет қатаң ветеринарлық бақылаудан өтеді, - дейді Атырау қалалық ветеринария бөлімінің бастығы Нәсіпқали СҰЛТАНГУБИЕВ.

Сөйтсек, БАҚ-тарда кеңінен хабарланып жатқан экзотикалық «нодулярлық дерматит» сырқаты жергілікті тұрғындардың тәбетін бұзбайды екен. Ет бағасының күрт төмендеуі туралы қауесет тек сыбыс қана болып шықты. 5 тамызда «Дина» базарында бір келі сиыр етінің бағасы 1100-ден 1500 теңгеге дейін болды. Салыстырмалы «демократиялық» 1100 теңге – «Азық-түлік корпорациясы» өнімдерінің бағасы.

- Бағаны төмендету дейсіз бе? Жоқ, естімеппін. Өзіңіз көріп тұрсыз, 1100 теңге. Өткен аптада да осы баға, бір ай бұрын да осы баға болды, - деді корпорация өнімдерін сатушы.

Басқа сөрелерде баға жоғарылау – сүйекті ет 1200 теңгеден бастап ортасында тәтті кішкене сүйегі бар жұмсақ еттер 1500 теңгеге дейін.

- Етті менің өзім жергілікті «Асыл агро» және «Тума» қасапханаларынан сатып аламын. Ондағы еттер облыс аудандары мен Оралдан әкелінеді. Бағасын төмендетпеймін, өйткені тауар жақсы өтіп жатыр. Міне, бүгін таңертеңнен бір партиясын, 50 келісін үйлену тойына саттым. Бәлкім, карантин салдарынан ет азайып, баға көтерілуі де мүмкін, - деп әңгімелейді сатушы Айгүл. Рас, сатып алушылар бұрынғыға қарағанда, ет құжатын жиі сұрайтын болған. Ал ол базарда ет сататындардың барлығында бар.

Базардағы ветзертхана қызметкерлері өздерінің жұмыс көлемі соңғы уақытта еш азаймағанын айтады, саттыққа түсіп жатқан ет мөлшері азаяр емес.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметтері бойынша, базардағы ет бағасы төмендемеген, тіпті сәл көтерілген. Карантин енгізілгенге дейін (27 шілде) сиыр етінің бір келісі облыс орталығының базарларында 1100-ден 1300 теңгеге дейін болған. Қой еті де сол бағамен, жылқы еті – 1200-ден 2000-ға дейін, түйе еті – 1000-нан 1300-ге дейін сатылған. 5 тамызға қарай баға көтерілген: сиыр еті 1250-1500 теңге, жылқы еті 1300-2000, түйе еті 1100-1300. Тек қой еті ғана бұрынғы бағамен қалған - 1100-1300 теңге. Ет бағасының өсуі оның сапасына бақылаудың күшейтілуіне байланысты болуы мүмкін.

- Карантин басталған кезде біз қасапханаға түсетін малға және қала базарлары мен дүкендеріне жіберілетін етке есеп жүргіземіз, - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВ. – Бұл осы өнімге дүрлігіс туғанда немесе сұраныс артқан жағдайда дер кезінде әрекет етіп, аудандарды, бізбен өңіраралық ынтымақтастық байланыстыратын басқа облыстарды жұмылдыру үшін жасалады. Сонда біздің тұрғындарымыз ет тапшылығын сезінбес еді. Біздің Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарымен келісіміміз бар, олар тапшы болған жағдайда көмектесуге әзір.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
6 тамыз 2016, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.