Бүгін, 4 тамызда сағат 14.30-да ТЖД кезекшісінің пультіне Әлиев-Сатыбалдиев көпірінен ер адамның секіріп кеткені туралы хабарлама түсті.
Секіргеннен кейін ол су бетінен көрінбеген. Жанында болған танысы келген құтқарушыларға өзіне қол жұмсаушының 35 жаста екенін, Алмагүл ықшамауданында тұратынын, оған қол жұмсау себебі белгісіз, бәрі күтпеген жерден, көпір бойымен келе жатқанда орын алғанын хабарлады. Денені іздеумен сүңгуірлер айналысуда.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ