Атырау, 28 қараша 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қант сұраныста болды

2 555 просмотра

Image 0Дүкен сөрелерінен өлшейтін құмшекер ғайып болған немесе ол шектеулі мөлшерде сатылған шілденің бірнеше күні аға буынға «тапшы» деген қорқынышты сөзді еске түсіруге мәжбүр етті.

Алайда, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан ИБРАЕВТЫҢ (суретте) пікірінше, қант тапшылығы болмаған және болмайды да:

- 11 шілдеде біз құмшекердің қымбаттауын тіркедік: алматылық ірі жеткізуші – Қант Орталық Корпорациясының – бағаны 10-15 пайызға көтергені белгілі болды. Жалпы қанттың басым бөлігі – 70%-ға дейін – бізге елдің оңтүстігінен келеді. Біз Корпорацияға шығып, керек бола қалатын жағдай үшін облысымызға квота қалдыруға келісім жасадық. Бірақ қант болды және бар: бүгінде Атыраудағы сауда үйлеріндегі құмшекер қоры ұсақ жеткізушілерді есептемегенде 280 тоннадан асады.

- Бірақ кейбір супермаркеттер сататын қант нормасын шектеді.

- Иә, мәселен, басқа дүкендерге қарағанда қант арзан тұратын «Байзаар» сауда орталығында. Ол дүкен ашылар алдында 200 тонна сатып алып, төмендетілген бағамен сатты. Осылайша сатып алушыларды тартты. Бұл осындай маркетингтік тәсіл. Ұсақ сатып алушылар оны өз дүкендері үшін қапшықтап сатып алды. Біз дүрбелеңді сұранысқа негіз тудырмас үшін бір қолға 5 келіге дейін шектеп сатуды өтіндік.

- Тапшылық туралы қауесет осылай туындаған екен ғой.

- Бір кездері дүрлікпе сұраныс болды. Бірақ біз алыпсатарлардың осы жағдайды пайдаланып қалуларына жол бермей, сауда үйлерінен қантты көтерме партиялармен сатпауды өтіндік. «Дина» базары және «Рамстор» мен «Биомарт» супермаркеттерінен басқа жердің бәрінде өлшенген күйде сатылады. Біз сонымен қатар, Қант корпорациясымен жасалған келісімді пайдаланып, керек бола қалатын жағдай үшін бірнеше вагон қант (135 тонна) сатып алдық. Олар келіп жетті.

Егер сұраныс болса, біздің кәсіпкерлер үшін 250 теңгеден Алматыдағы жеткізушіден жеткізе аламыз. Бірақ 260-270 теңгеден сатылуы керек. Шамамен 5-6 күннен соң осындай бағадағы қант қала дүкендеріне түседі. Егер шілдеде сұраныс айына 300 тоннаны құраған болса, қазір сатып алу азайған. Тиісінше, күн сайын бірнеше теңгеге баға төмендеп жатыр. Қалай болғанда да, бағаның көтерілуі негізді ме, тергеу жүргізу керек. Егер негізсіз болса, кінәлілерді айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту керек.

- Атырауда жеткізу бағасының көтерілуіне байланысты қанттың сату бағасы қалай өзгерді?

- Маусымда ол бір келісі 245-250 теңге болды. 11 шілдеден кейін өсе бастап, дүкендер қайта сатып ала бастаған кезде қалада 342 теңгеге дейін және ауылдық округтерде 350 теңгеге дейін жетті. Бүгінде қала бойынша орташа баға 283 теңге, төменгі баға «Байзаарда» (239), жоғарғы баға – «Көктемде» (320).

Айта кету керек, біз девальвацияға дейінгі уақытты еске алдық. Өткен жылы шілдеде қант бағасы орташа алғанда 162 теңге болған еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

4 тамыз 2016, 20:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.