Атырау, 28 қараша 16:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Нотариус шәкірті жемқорлықты құптамады

2 989 просмотра

Image 0№ Атырау қалалық соты жеке нотариусқа үкім шығарды.

Жас жігіт Б. нотариалдық қызметпен айналыспақ болады. Осыған байланысты жеке нотариус К-ден тағылымдамадан өтеді. Тағылымдама барысында К. жас маманға нотариус лицензиясын тездетіп алуға көмектесетінін айтып, өз қызметін 20 мың долларға бағалайды. Ал жас жігіт сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жүгінеді. Нотариусты қызметтік кабинетінде Б-дан белгі салынған 10 мың долларды алу кезінде ұстайды. Осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында іс жүргізу келісімі жасалды.

№2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, нотариус аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа және пара беруге азғыруға кінәлі деп танылды. Өмір бойына нотариалдық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 тамыз 2016, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.