3 тамызда сағат 11.20-да ТЖД кезекшісінің пультіне «Атырау» ДСК маңындағы Жайық ортасында ер адамның жүзіп жүргені туралы хабарлама келіп түсті.
Ол жерге құтқарушылар мінген қайық жіберіліп, жүзушіні «ұстады». Оған белгіленбеген жерде шомылуға болмайтындығы туралы ескерту беріп, үйіне жіберіп қойды.
Ал сол күні сағат 23.20-да орталық көпір маңындағы су бетінен сырт келбеті азиялық нәсілді 20-25 жастағы белгісіз азаматтың мүрдесі табылды. Құтқарушылар денені өзеннен шығарып, полицияға табыстады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ