Атырау, 27 сәуір 16:41
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тонаушы өзіне қол жұмсаймын деп қоқан-лоққы жасаған

2 666 просмотра

Атырауда 30 шілдеде шамамен сағат түнгі 4-те Байтұрсынов көшесінде белгісіз екеу өтіп бара жатқан адамды ұрып-соғып, тонап, ұялы телефоны мен 15 мың теңгесін тартып алған. Ал таңертең Махамбет көшесінің бойындағы сауда нүктелерінің біріндегі күзетшілер күдікті екі адамның ұялы телефон сатуға әрекеттеніп жүргенін хабарлады.

Күзетшілер оларды полиция келгенше ұстауға әрекеттенді, алайда олардың бірі ұстараның жүзіне ұқсайтын затты өз мойнына тақап, ешкімнің жақындап келмеуін талап еткен. Осы кезде оқиға орнына учаскелік инспектор жетіп, суицидке жол бермеу үшін тыныштандырып, бәріне басу айта бастаған. Осыны пайдаланған екі жас жігіт қашып кетеді. Алайда бір сағат өткен соң олардың бірі ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол Байтұрсынов көшесіндегі түнгі тонауға қатысқанын мойындады. Екі күдіктінің жеке басы анықталды – бұлар бұрын ұрлық және тонау қылмыстары үшін сотталған Атырау қаласының 22 және 24 жастағы тұрғындары. Қазір полиция екіншісін іздестіруде. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 191-бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.