Жартыжылдық қорытынды бойынша өткен облыстық прокуратура алқасында белгіленген мыңнан астам бизнесті заңсыз тексерудің жойылғаны атап өтілді. Прокуратура өкілетті органдармен бірігіп «Айыппұл төлеуді ұмытпа», «Алимент төле! Балалар оған мұқтаж» акцияларын өткізді. Оның нәтижелері бойынша, борышкерлерден 19,8 млн теңге айыппұл, ал алимент борышкерлерінен 41 баланың пайдасына 2,5 млн теңге өндіріліп алынды. «Түрме тұрғындарын» азайту шаралары алынуда: 129 сотталушы шартта-мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, 31 сотталушының бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлға өзгертілді.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтері бойынша, 1 тамыздағы ахуал бойынша Атырау облысында жалпы сомасы 12,03 млрд теңгеге 1 463 өтініш бойынша мүлік заңдастырылған. 16,5 млрд теңгеге ақшалай қаржылар заңдастырылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 258 млн теңгеге Қазақстаннан тысқары жерде орналасқан мүлік бойынша 34 өтініш қанағаттандырылды.